25.04.2016, 18:02 4068

Ж.Асанов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығымен Ж.Асанов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданыӊ Туиттердегі ресми парақшасында жария етілді

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Жарлығымен Ж.Асанов ҚР Бас прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданыӊ Туиттердегі ресми парақшасында жария етілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жақып Асанов 2012 жылы қыркүйек айынан бері ҚР Бас прокурорыныӊ орынбасары қызметін атқарып келді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жақып Қажыманұлы 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы Қызылорда қаласыныӊ прокуратурасында жұмыс істеген.

ҚР Президенті Икімшілігі заӊнама, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімініӊ сектор меӊгерушісі қызметін атқарды.

1997-2005 жылдары - ҚР Бас прокурорыныӊ аға көмекшісі, Илеуметтік-экономикалық саладағы заӊдылықты қадағалау басқармасыныӊ бастығы, ҚР Бас прокуратурасыныӊ мемлекеттік органдар іс-әрекетіндегі заӊдылықты қадағалау департаментініӊ бастығы, Алматы қаласы прокурорыныӊ бірінші орынбасары, Павлодар облысыныӊ прокуроры, ҚР Иділет вице-министрі.

2007 жылы ҚР Парламенті Мәжілісініӊ 4-ші шақырылымына депутат болып сайланған. 2012 жылғы қаӊтардан бастап - "Нұр Отан" ХДП партиялық тізімі бойынша V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны