17.06.2014, 20:22 2734

Ж.Қасымбек: "Эйр Астанадан" Еуропаға ұшу шектеулері алынып тасталды

"Эйр Астана" әуе компаниясына биылғы жылдың сәуір айынан бастап Еуропаға ұшу шектелмейтін болды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. "Эйр Астана" әуе компаниясына биылғы жылдың сәуір айынан бастап Еуропаға ұшу шектелмейтін болды, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек.

"Эйр Астана" әуе компаниясына биылғы жылдың сәуір айынан бастап Еуропаға ұшу шектелмейтін болды. Біз 18 мекеменің сертификатын қайтарып алдық. Қазір де нарықта олардың 42-сі жұмыс істеуде. Негізінен ауыл шаруашылығы авиациясында жұмыс істейтін компаниялар", - дейді министр.

Оның айтуынша, биылғы жылдың мамыр айында ИКАО-ға (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы) аудит жүргізілді. Жалпы, жұмыстардан оң үрдіс байқалады.

"Аудит жүргізілгендердің 65 пайызы ИКАО талаптарына сай келеді. Алдағы екі ай көлемінде қазақстандық компанияларды шектеуді алып тастау туралы шешім шығарылады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, ИКАО-ның қосымша ұсыныстары да жоқ емес. Олар заңнаманы жетілдіруге қатысты", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны