17.06.2014, 20:27 2756

Ж. Қасымбек: ИКАО мен Еуроодақ барлық шектеулерді жойып Қазақстанды жаңа толқынға шығарады

"ИКАО-ның миссиясының 2009 жылғы аудиттің ескертпелерін Қазақстанда жойылу барысы жөнінде тексеріс жүргізген болатын, олардың нәтижелері биылғы жылғы қыркүйекте белгілі болады", - деді ол.

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan today. ИКАО мен Еуроодақ барлық шектеулерді жойып Қазақстанды жаңа толқынға шығарады. Бұл туралы Мәжілісте өткен экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

"ИКАО-ның миссиясының 2009 жылғы аудиттің ескертпелерін Қазақстанда жойылу барысы жөнінде тексеріс жүргізген болатын, олардың нәтижелері биылғы жылғы қыркүйекте белгілі болады", - деді ол.

Оның айтуынша, ХААҰ ТЫБ-сының ұсынысына сәйкес азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы авиациялық қызметті "Азаматтық авиация туралы" және "Иуе кеңістігін пайдалану туралы" заң жобаларын регламенттеу өткізу жоспарлануда.

Бұл заңнамалар жобасының біріншісі ұлттық заңнаманы қазіргі халықаралық нормалармен үйлесімге келуін қамтамасыз етеді, ал екіншісі әуе кеңістігін пайдаланушылардың барлығының мүдделерін ескеріп, мемлекеттік және азаматтық авиацияның басымдылықтарының шекарасын ашу мәселелерін шешуге мүмкіндік ашады, деді ол.

"Сонымен бірге, Қазақстанда ұшқыштарды даярлау мақсатында БжҒМ ағымдағы жылы 8 оқыту ұшақтарын сатып алуы қарастырылды, ал 2017 жылға дейін тренажерлік кешен мен ұшу аэродромын салу көзделген. Бұдан тыс, 2013 жылы аталған Академияның базасында ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Орта Азиядағы жалғыз субрегионалдық оқыту орталығы құрылды, бүкіл сала бойынша мамандар біліктілігін жетілдіру жөніндегі салалық орталық құру бағытында белсенді жұмыс жүргізілуде", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны