18.05.2021, 21:09 14445

Жұма күні Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

ЖЕЭК отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым мәселелері талқыланады.
НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - 21 мамыр, жұма күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
 
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлағандай, іс-шараға ЖЕЭК құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Никола Пашинян және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысады.
 
Сондай-ақ, Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель мен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттердің басшылары ретінде қатысуы жоспарлануда.
 

Бейнеконференцбайланыс режимінде өтетін ЖЕЭК отырысы барысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым мәселелері талқыланып, орта мерзімді перспективаға арналған міндеттер қаралады. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі интеграциялық өзара іс-қимылға және Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударылатын болады", - деп хабарлады Берік Уәли.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны