24.04.2018, 13:19 4308

Ж.Түймебаев бастаған делегация Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты

Форумныӊ екінші күні облыс әкімі Ж.Түймебаев Сеул қаласыныӊ вице-мэрімен кездесті. Кездесу барысында тараптар қала құрылысы жобаларындағы заманауи инфрақұрылымдық шешімдер жайын сөз етті.

Шымкент. 24 сәуір. KazakhstanToday - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ж.Түймебаев 19-20 сәуір күндері Оӊтүстік Кореяда өткен Қазақстан-Корея инвестициялық форумына қатысты. Форумда қос елдіӊ бизнес қауымдастықтары өзара іскерлік байланысты дамыту, сауда-экономикалық байланысты нығайту мәселелерін талқылады.

Форум барысында аймақ басшысы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ инвестициялық әлеуетін таныстырып, инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыру үшін құрылған мүмкіндіктерді атап өтті. Сонымен қатар әрбір жобаны жеке өз тарапынан қолдауға дайын екендігін жеткізді.

"Оӊтүстік Қазақстан облысы - экономикалық әлеуеті зор, тұрақты дамып келе жатқан өӊір. Аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерін байланыстыратын жолдардыӊ қиылысында орналасқан, соныӊ нәтижесінде шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндіріс дамып келеді.Тарихи өлкеніӊ аграрлы саласы жақсы дамыған. Соӊғы 3 жылда жиналған бақша өнімдерініӊ көлемі 1 миллион тоннадан асып түседі. Қазақстандағы жылыжайдыӊ 90 пайызы біздіӊ өӊірде орналасқан. Мақта толығымен, ал жүзім мен бақша өнімдерініӊ 70 пайызы осы облыста өсіріледі. Индустрияландыру бойынша еліміздегі жүзеге асып жатқан әрбір бесінші жоба Оӊтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Соӊғы 8 жыл ішінде өӊірде жалпы құны 735 млн. АҚШ долларынан астам қаржыға 175 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, инвестиция көлемі 3,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын 75 жоба 2020 жылға дейін жүзеге асады",-деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

Сонымен қоса өӊір экономикасы әртараптандырылғанын айтқан ?кім облыста 177 мыӊнан астам бизнес субьектілері тіркелгенін м?лім етті. Сондай-ақ, облыста шетелдік инвесторлар үшін тиімді болатын Индустриалды-инновациялық бағдарлама аясында 11 индустриалдық және 1 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейтінін атап өтті.

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі бастап барған кәсіпкерлер мен даму институттарынан құралған делегаттар POSCO DAEWOO, HANWHA GROUP, HYUNDAI CORPORATION және LS Cable & System секілді Оӊтүстік Кореяныӊ трансұлттық компанияларымен бірқатар маӊызды кездесулер өткізді.

Кездесу барысында оӊтүстікқазақстандық делегаттар корей инвесторларына өӊірдіӊ перспективті салаларын ұсынды. Сондай-ақ, келіссөздер барысында тараптар өӊірде жүзеге асатын жаӊартылатын энергия көздері мен металлургия және цифрлық технологиялар, соныӊ ішінде құрылыс саласындағы озық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

Екі жақты қарым-қатынастыӊ жоғары деӊгейін атап өткен аймақ басшысы қазірдіӊ өзінде Оӊтүстік Қазақстанда Оӊтүстік Кореяныӊ ірі компаниялары жұмыс істеп жатқанын және әлеуетті инвесторларды жобаныӊ іске асырылуына дейін қолдау білдіретін өӊірлік даму институттарымен жұмысын жандандыруға шақырды.

Бұдан бөлек, Оӊтүстік Кореяныӊ ірі кәсіпорындарыныӊ бірі болып табылатын HANWHA GROUP компаниясымен Сарыағаш ауданында курорттық аймақ құру бойынша және энергетика саласындағы перспективалық жобалар талқыланды. Сондай-ақ, энергетика саласын дамыту бойынша жобалар инфрақұрылымды электрмен жабдықтау және азық-түлік өндірісі үшін ресурстық базаны құру бойынша әлемдік тәжірибеге ие Кореяныӊ POSCO DAEWOO корпорациясымен келіссөздер жүргізілді. Сонымен қатар облыс әкімніӊ шақыртуын кабель өндіруші осы саладағы әлемдегі еӊ үздік технологияларға ие LS Cable & System компаниясы алды.

Форумныӊ екінші күні облыс әкімі Ж.Түймебаев Сеул қаласыныӊ вице-мэрімен кездесті. Кездесу барысында тараптар қала құрылысы жобаларындағы заманауи инфрақұрылымдық шешімдер жайын сөз етті. Осы ретте облыс әкімі екі жақты әріптестікті талқылау мақсатында Сеул қаласыныӊ әкімін Оӊтүстік Қазақстан облысына шақырды.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны