19.08.2018, 12:46 5052

Ж.Түймебаев: "Түркістанныӊ жаӊа дәуірі басталды"

17 тамызда Түркістан облысы әкімдігініӊ мемлекеттік қызметкерлері Шымкенттен Түркістан қаласына көшіп келді.

Түркістан. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Биылғы 19 маусымда Елбасы - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Оӊтүстік Қазақстан облысын Түрістан облысы деп қайта құру және оныӊ орталығын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

Осы тапсырманы орындау үшін 17 тамызда Түркістан облысы әкімдігініӊ мемлекеттік қызметкерлері Шымкенттен Түркістан қаласына көшіп келді. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев бастап келген көшті Түркістан қаласыныӊ әкімі Иліпбек Өсербаев бастаған зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары басқармалар үйі алдынан салтанатты түрде күтіп алды. Кездесуде аймақ басшысы Түркістанды түлетуге келген мемқызметкерлердіӊ жұмысына сәттілік тіледі.

"Мінеки, Түркістан қаласына басқармалар мен департаменттер көшіп келіп отыр. 17 тамыз бүгінгі тарихи оқиғаға куә болған көпшілік үшін ерекше естелік болып қалады. Облыс орталығыныӊ Түркістанға көшірілуінде үлкен мән бар. Біріншіден, Түркістан ғасырлар бойы Қазақ хандығыныӊ астанасы болды. Екіншіден, тоғыз жолдыӊ торабында орналасқан. Бұрынғы Ұлы Жібек жолыныӊ бойында қоныс тебуініӊ өзі бұл шаһардыӊ стратегиялық маӊызы зор екенін көрсетіп тұр. Екіншіден, қазақтыӊ 21 ханы мен батырлары, би-сұлтандары мен қаймақтары осы шаһарда жерленген. Бұныӊ өзі Түркістанныӊ Қазақстан үшін қасиетті орталық екенініӊ көрінісі. Үшіншіден, Түркістанда Түркі әлемініӊ ұлы ұстазы, ақын әрі қайраткер Ахмет Яссауи бабамыз өмір сүрген. Ұлы ойшыл ұстаздыӊ кесенесініӊ Түркістанда салынуы, бұл шаһардыӊ талай ғасырдан бері Түркістан деп аталып келе жатқаны көп нәрседен хабар береді. Ендеше, Елбасы тапсырмасына сәйкес, біз Түркістанды Түркі әлемініӊ рухани әрі мәдени астанасына айналдыруымыз керек. Оған баршамыз үлес қосып, атсалысайық. Түркістанныӊ жаӊару күндері басталды. Баршаӊызға қоныс құтты болсын, осында көшіп келген басқармалар мен департаменттердіӊ қызметкерлеріне сәттілік тілеймін. Түркістанды бірге гүлдендірейік!" деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада белгілі айтыскер - ақын Бекарыс Шойбеков мемлекет алдындағы ұлы мұраттарын орындау үшін киелі шаһарға көшіп келген қызметкерлерге арнау айтса, Түркістан қаласыныӊ ақсақалдары "азаматтардыӊ қадамы оӊ болсын!" деген тілектерін білдірді.

Мұнан соӊ, облыс бастаған топ жаӊа қонысқа келген басқармалар мен өзге де мемлекеттік мекмелердіӊ кеӊселерін аралап көрді. Жас мамандармен кездескен өӊір басшысы шаһарда мемлекеттік қызметкерлерге тұрғын үйлер салынып жатқанын, олар келесі жылы пайдалануға берілетінін айтты.

Елбасыныӊ тарихи Жарлығынан кейін Түркістан қаласын облыс орталығына айналдыру үшін үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Түркістан қаласыныӊ Түркістан қаласын түркі әлемініӊ мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардыӊ еӊ үздік тұжырымдамасын әзірлеуге ашық халықаралық конкурс жарияланды. Түркістан қаласыныӊ ұзақ мерзімді аумақтық дамуы, мәдени-тарихи мұрасыныӊ сақталға әрі туристік әлеуетін дамытуға негізделген конкурстыӊ жобалар көрмесі таяу күндері өтеді.

Бас жоспар бекітілген соӊ соған сәйкес Түркістан қаласында жаӊа әуежай, теміржол вокзалы, автовокзал, көптеген әкімшілік ғимараттар мен мәдениет ошақтары салынады. Мұнан бөлек 65 мыӊ тұрғынға арналған жаӊа қалашық бой көтереді деп жоспарлауда. Демек, алдағы жылдары Түркістан қаласы үлкен құрылыс алаӊына айналады деген сөз. Қарқынды құрылыс қалаға инвестиция құйылуына, көптеген жаӊа жұмыс орындарыныӊ пайда болуына, кәсіпкерліктіӊ қанатын кеӊге жайып, экономиканыӊ дамуына әсер етеді.

Мұнан бөлек, Түркістан қаласында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамытуға да баса мән берілмек. Исіресе, өнеркәсіп жетекші салаға айналуы тиіс. Сондай-ақ, Түркістанныӊ айналасында жылыжай мен интенсивті бауларды көптеп өсірілмек. Бұл бір жағынан ауыл шаруашылығы саласыныӊ дамуына әсер етсе, екінші жағынан туристерге көрсетуге болатын экотуризм нысанына айналады.

Түркістан облыс орталығы ғана емес, халықаралық дәрежеде танымал қалаға, Түркі әлемі ғылымы мен мәдениетініӊ ірі орталығына айналады. Мұнда бүкіл түрітілдес елдер қатысатын ғылыми конференциялар мен мәдени шаралар тұрақты түрде өтеді. Сондай-ақ, бұл қалада Түркі академиясы, Түрік кеӊесі мен ТҮРКСОЙ секілді халықаралық ұйымдардыӊ бөлімшелері ашылады.

Тарихи сәтте жолбасшы болған өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев екі ғасыр бойы Қазақ хандығыныӊ астанасы болған, маӊызды шешімдер қабылданған Түркістанға атбасын бұрып, қызмет етуге бара жатқан азаматтар, жалынды жастар тарих алдындағы ұлы мұраттарыныӊ бірін орындап жатыр деуге толық негіз бар екенін айтты.

"Ирбір мемлекеттіӊ, әрбір облыстыӊ, әрбір қаланыӊ тарихында жауапты кезеӊдер болады. Биыл 19 маусымда Елбасы Жарлығымен бұрынғы Оӊтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы болып құрылып, оныӊ орталығы деп Түркістан қаласы бекітілді. Бұл тарихи шешімге 2 ай жетер-жетпес уақыттыӊ өзінде біз тынбай жұмыс істеп, Елбасы Жарлығын орындауға бар күшімізді салдық. Түркістан қаласында облыс әкімдігіне қарасты 24 басқарма мен облыстық мәслихат, қоғамдық кеӊес пен департамент қызметкерлері отыратын кеӊселер даярланды. Бүгін біз үлкен көшті бастайын деп отырмыз. Кезінде Елбасы Астанаға көшер кезде "Алматыға сыймай емес, Алматыны қимай кетіп барамыз" деген екен. Біз де Шымкентке сыймай емес, оны қимай кетіп барамыз. Түркістан - бар қазақтыӊ рухани астанасы. Сондықтан оны дамытуға, өркендетуге күш салуымыз қажет. Шежірелі қаланыӊ туристік әлеуеті көтеріліп, жаӊа жұмыс орындары ашылады. Міне, енді Түркістан облысы мен Түркістан қаласыныӊ жаӊа дәуірі басталды ", - деді әкім.

Шымкенттен көшіп шығу салтанатты шарасында белгілі жазушы, "Алаш" халықаралық сыйлығыныӊ лауреаты Мархабат Байғұт пен Мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметовтер құттықтау сөз сөйлеп, әкімдік қызметкерлеріне қызметте жетістіктер мен табыс тіледі. Шара аясында шығарып салу шарасына келушілерге қымыз сусыны мен бауырсақ таратылып, тарихи көштіӊ көрігін ашты.

Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған көштіӊ құрамында облыс әкімініӊ орынбасарлары және аппарат басшысы, облыстық мәслихат хатшысы мен аппараты, облыстық қоғамдық кеӊестіӊ төрағасы және аппараты, "Нұр Отан" партиясыныӊ облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары және қызметкерлері, облыстыӊ зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері, құзырлы орган басшылары, әкім аппараты қызметкерлері, 28 аумақтық департаменттіӊ басшылары мен қызметкерлері, 24 облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері сынды, жалпы саны, 1 мыӊға жуық адам бар.

11 автобусқа жайғасқан көш құрамын Түркістан шаһарыныӊ әкімдігі күтіп алды.

Еске салайық, биыл, 19 маусымда Елбасы - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев Оӊтүстік Қазақстан облысын Түрістан облысы деп қайта құру және оныӊ орталығын Шымкенттен Түркістан қаласына көшіру туралы тарихи Жарлыққа қол қойған-ды. Елбасыныӊ бұл шешімі - Түркістанныӊ қайта түлеп, еліміздіӊ өсіп-өркендеуіне үлес қосатын жаӊа орталыққа айналуына жол ашты. Облыс орталығы атанған Түркістан қаласы ендігі жерде еліміздіӊ ғана емес, бүкіл Орта Азияныӊ, тұтас түркі әлемініӊ белгілі сауда-экономикалық және рухани-мәдени орталықтарыныӊ бірі болары сөзсіз.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны