11.12.2017, 20:34 4884

Жақып Асанов ҚР Жоғарғы сотыныӊ төрағасы болып тағайындалды

Жақып Қажыманұлы Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған.

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Парламент Сенаты Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына ұсынылған Асанов Жақып Қажманұлыныӊ кандидатурасын қолдады.

Жақып Қажыманұлы Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған. Университетті аяқтағаннан кейін Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына тағылымдамашы болып қабылданады. 1986 жылдан 1993 жылға дейін Қызылорда облысыныӊ прокуратура органдарында қызмет атқарып, Қызылорда қаласы прокурорыныӊ аға көмекшісі, облыс прокурорыныӊ көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратураныӊ бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеді. 1993 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Жалпы қадағалау басқармасыныӊ аға прокуроры, Жалпы қадағалау басқармасыныӊ банктер, қаржы-несие саласындағы және тексеру органдарындағы заӊнаманыӊ сақталуын қадағалау бөлімініӊ бастығы қызметтерін атқарады. 1994 жылдыӊ қараша айынан 1996 жылдыӊ қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Икімшілігініӊ Заӊдылық, құқықтық тәртіп және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінде консультант, сектор меӊгерушісі болып жұмыс істейді. 1996 жылы Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Салық полициясы басқармасы бастығыныӊ бірінші орынбасары қызметіне тағайындалады. 1997 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Бас Прокурордыӊ аға көмекшісі - Илеуметтік-экономикалық саладағы заӊдылықты қадағалау басқармасы бастығыныӊ орынбасары, кейін осы басқарманыӊ бастығы, одан кейін Бас прокуратураныӊ Мемлекеттік органдар қызметіндегі заӊдылықты қадағалау департаментініӊ бастығы қызметіне тағайындалады. 2001 жылғы ақпаннан 2002 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы прокурорыныӊ бірінші орынбасары, ал 2002 жылдыӊ ақпан айынан 2003 жылдыӊ маусым айына дейін Павлодар облысыныӊ прокуроры болып қызмет атқарады. 2003 жылдыӊ маусым айында Асанов Ж.Қ. Қазақстан Республикасыныӊ Иділет вице-министрі қызметіне тағайындалады. 2005 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерініӊ "Атамекен" Жалпыұлттық Одағыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары, "Қазақстан коммуналдық жүйелері" АҚ-ныӊ директорлар кеӊесініӊ төрағасы, "Ордабасы" корпорациясы" АҚ-ныӊ президенті және директорлар кеӊесініӊ мүшесі қызметтерін атқарды. 2007 жылдан 2012 жылға дейін "Нұр Отан" ХДП партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ IV және V шақырылымдарыныӊ депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетініӊ мүшесі болды. 2012 жылдыӊ 6 қыркүйегінде Мемлекет басшысыныӊ Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорыныӊ орынбасары болып тағайындалды. 2016 жылғы 25 сәуірде Мемлекет басшысыныӊ Жарлығымен Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды. Сыныптық шені - 2-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеӊесшісі. Заӊ ғылымдарыныӊ кандидаты. "Құрмет" орденімен, "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медальдарымен, "Қазақстан Республикасы прокуратурасыныӊ Құрметті қызметкері" омырау белігісімен марапатталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны