21.09.2015, 14:12 4244

Жақсыбеков Астананыӊ бюрократизм чемпиондарын анықтамақ

Кезекті аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктіӊ қорытындылары шығарылып, қаланыӊ санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыӊға жуық адам қатысты.

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кезекті аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктіӊ қорытындылары шығарылып, қаланыӊ санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыӊға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердіӊ озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Икімніӊ айтуынша, Астана қаласы үшін еӊ маӊызды мәселелердіӊ бірі - шағын және орта бизнесті дамыту. Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтілуде, келешегі бар жобалар көп, бірақ нәтиже ойдағыдай емес, - деп атап өтті И. Жақсыбеков. Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өту үшін көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Елорда әкімі демалыс күндері қалалық базарларды атап айтқанда, "Шанхай", "Алаша" базарларын аралап, инфрақұрылымды, және т.б. дұрыстауды, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды талапқа сай келтіруді тапсырды.

Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен күнге, әсіресе демалыс күндері базарға жету қиынға соғуда. Елорда әкімі аз уақыттыӊ ішінде қоғамдық көліктердіӊ маршруттарын оӊтайландыруды, "Шанхай" базары аумағында қалааралық бағытта автобекет салу үшін инвестор тартуды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны