01.04.2009, 17:15 3025

Жалған кәсіпкерлікпен күрес бағытындағы іс-шаралардың бірлескен жоспары аясында жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен жалпы сомасы 15 млрд. теңге салық қайта есептелініп алынды

Жалған кәсіпкерлікпен күрес бағытындағы іс-шаралардың бірлескен жоспары аясында жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен жалпы сомасы 15 млрд. теңге салық қайта есептелініп алынды

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жалған кәсіпкерлікпен күрес бағытындағы іс-шаралардың бірлескен жоспары аясында жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен жалпы сомасы 15 млрд. теңге салық қайта есептелініп алынды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ресми өкілдің айтуынша, жалған кәсіпкерлікпен күресті ширата түсу мақсатында Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Қаржы министрлігінің Салық комитетімен 2008 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының салық қызметі органдары және қаржы полициясы органдарының 2008-2009 жылдарына арналған жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтау, алдын алу және жолын кесу жөніндегі өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспарына қол қойды.

"Аталған жоспар шеңберінде жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен жалпы сомасы 15 млрд. теңге салық қайта есептелініп алынды",- деді М.Жұманбай.

Жалған кәсіпкерліктің алдын-алу және уақытында анықтау мақсатында Агенттікпен тәуекелдерді саралау және басқару жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе саралау әдісімен ел аумағындағы бюджет саласы және экономиканың маңызды салаларындағы жалған кәсіпорындар мен олардың констраганеттерінің қарым-қатынастарын анықтауға мүмүкіндік береді.

2007 жылдың шілде айында агеттікттің ұсынысымен қылмыстық заңнамаға мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын пайдалана отырып жалған кәсіпкерлік жасағаны үшін жауаптылықты көздейтін норма енгізілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар санатына жататын бұл норма бойынша мүлікті тәркілеумен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бекітілген. Ал қылмыстық топпен жасалған бұл әрекет мүлікті тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығын айыруға жазаланады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны