23.01.2009, 18:16 3265

Жалған кәсіпорындар арқылы қаржы қымқыруға қатысты көптеген деректер анықталды - Бас прокуратура

Жалған кәсіпорындар арқылы қаржы қымқыруға қатысты көптеген деректер анықталды - Бас прокуратура

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы құрылыс компаниялардың қызметіне тексеру жүргізу нәтижесінде жалған кәсіпорындар арқылы қаржы қымқыру деректері көптеп анықталды. Бұл туралы бүгін прокуратура органдарының 2008 жылғы жұмысының негізгі қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Рахымбек Мамырбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, тексеру қорытындысы бойынша 123 жылжымайтын мүлік пен 160 автомобильге тоқтам салынып, 35 лауазымды адам мен заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, Бас прокурор орынбасарының мәліметіне сәйкес, үлескерлерді әуре-сарсаңға салған құрылыс компанияларының 30 лауазымды адамға қатысты прокурорлық тексерулердің 10 материалы бар 25 қылмыстық іс бүгінде қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде жатыр. Олардың 7-еуі қазірдің өзінде сотқа жіберілді, 1 іс тараптардың ризашылығымен жабылды, 1 іс іздеу салуға байланысты тоқтап тұр, қалғаны тексеру үстіне.

Оған қоса 3 мыңға жуық үлескерлер мүддесі үшін астаналық құрылыс компанияларына 12,6 млрд. теңгені құрайтын 19 талап берілді.

"Құрылыс компанияларының бітіре алмаған нысандары үшін алған қаржыларының өзорнымен пайдалануын прокуратура үнемі өз бақылауында ұстап отырады",- деді Рахымбек Мамырбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны