24.06.2009, 18:04 2882

Жалған кәсіпорындар құру арқылы салық төлеуден жалтару - ұйымдасқан қылмыстық топтардың жиі қолданатын қылмыстық схемаларының бірі - қаржы полициясы

Жалған кәсіпорындар құру арқылы салық төлеуден жалтару - ұйымдасқан қылмыстық топтардың жиі қолданатын қылмыстық схемаларының бірі - қаржы полициясы

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жалған кәсіпорындар құру арқылы салық төлеуден жалтару ұйымдасқан қылмыстық топтардың жиі қолданатын қылмыстық схемаларының бірі болып табылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Маңғыстау облысында мүлікті тәркілеумен 8 жыл бас бостандығынан айыруға Кориков Руслан және 7 жыл бас бостандығын айыруға Кориков Рамзан сотталды. Олар жалған кәсіпорындар құру және жалған құжаттар қолдану арқылы 20 эпизод бойынша 1 млрд 600 мың теңге салық төлеуден жалтарған",- деді М.Жұманбай.

Сондай-ақ, қарды полициясының мәліметінше, Қостанай облысында "Жолаушы-2006" ЖШС басшысы сотқа тапсырылды, ол бірнеше жалған кәсіпорын құрып 1 млрд 986 мың теңге салық төлеуден жалтарған ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оны басқарған.

"Павлодар облысында 6 жыл бас бостандығынан айыруға В.Симановский, 5 жыл бас бостандығынан айыруға А.Волков және 5 жыл бас бостандығынан шартты айыруға Б.Шакимов сотталды. Олар ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында салық төлеуден жалтару мақсатында жалған кәсіпорындар құрумен және жылжымайтын мүлік саласында алаяқтықпен айналысқан",- деді М.Жұманбай.

"Қылмыстық топтың іс-әрекеті нәтижесінде мемлекетке және азаматтарға жалпы сомасы 5 млрд 900 мың теңге залал келтірілген, оның 5,5 млрд теңгесі тергеу барысында өтелді. Топтың ұйымдастырушысы мен 2 мүшесіне іздеу жарияланды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны