29.05.2015, 14:22 2325

ЖАЛПЫ ОТЫРЫСТЫӉ КҮН ТИРТІБІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бүгін Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда салалық комитеттердіӊ ұсынысымен Палатаныӊ алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібініӊ жобасы нақтыланды

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қабиболла Жақыповтыӊ төрағалығында Мәжіліс Бюросы өтті. Онда салалық комитеттердіӊ ұсынысымен Палатаныӊ алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібініӊ жобасы нақтыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Депутаттардыӊ талқылауына бірінші оқылымға құқықтық актілер туралы заӊ жобасы ілеспе түзетулерімен шығарылады.

Палатаныӊ жалпы отырысына азаматтық процессуалдық заӊнаманы жетілдіру мәселелері бойынша конституциялық заӊдарға түзету енгізуді талқылау ұсынылды.

Мәжіліс депутаттарыныӊ қарауына ратификацияланатын бір топ заӊ жобасы шығарылмақшы. Олар: Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану туралы Келісім мен азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы Конвенция. Сонымен қоса Байқоӊыр қаласыныӊ білім беру ұйымдарын беру туралы қазақстан-ресей Келісімін ратификациялау да бар.

Күн тәртібінде Мәжіліске жаӊадан келіп түскен заӊ жобалары да болды. Олардыӊ қатарында - мұнай өнімдерініӊ жекелеген түрлерін өндіруді және олардыӊ айналымын мемлекеттік реттеу, сонымен қоса Қазақстан мен Литва арасындағы Адамдардыӊ реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау бар.

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі таратты

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны