04.07.2019, 13:29 8572

Жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің директорларынан ақша жинау факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Шымкент қаласында жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша ҰБТ-да жоғары балға уәде беріп, одан әрі грантқа түсуге көмек көрсету үшін М.Кенесбайдан алдын-ала алған 500 мың теңгенің 125 млн.теңгесін қайтару кезінде ұсталу фактісі бойынша Шымкенттің Білім басқармасының маманы әшкереленді.

Нұр-Сұлтан. 4 шілде. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі тұлғалардың мемлекет ішіндегі іссапарға барғанда қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану мәселесі мен төменгі құрылымдарды тексеру мәселесін бақылауға алды.

Бұған облыстық, аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде түсетін шағымдары негіз болды.

Мысалы, а.ж. 20 маусымнан 30 маусымға дейін барлық өңірлерде Ұлттық бірыңғай тестілеуі өткізілді (бұдан әрі - ҰБТ).

Осыған байланысты, осы кезеңде біз өңірлерге бағытталған Білім және ғылым министрлігінің 169 комиссиясының қызметіне оперативтік қолдау көрсеттік.

Әрбір комиссияның құрамына 15 адамнан кірді, соның ішінде мұғалімдер, техникалық қызметкерлер, бағдарламашылар және т.б.бар.

Осы жұмыстың нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Мәселен, Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, Қандыағаш қаласы № 4 мектебінің директоры Білім және ғылым министрлігі Комиссия кездесулерін ұйымдастыру үшін (тұру, тамақтану, бос уақыт және т.б.) жалпы білім беру және мектепке дейінгі мекемелердің директорларынан ақша жинау факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жиналған ақшаның жалпы сомасы 540 мың теңгені құрады.

Шымкент қаласында жедел-іздестіру шараларының қорытындысы бойынша ҰБТ-да жоғары балға уәде беріп, одан әрі грантқа түсуге көмек көрсету үшін М.Кенесбайдан алдын-ала алған 500 мың теңгенің 125 млн.теңгесін қайтару кезінде ұсталу фактісі бойынша Шымкенттің Білім басқармасының маманы әшкереленді.

Бұған қоса, жергілікті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары Білім және ғылым министрлігінің комиссия өкілдеріне, атап айтқанда, ҰБТ өткізуге жауапты тұлғаларға бос уақытты ұйымдастыру шаралы жайлы ақпарат келіп түсті.

Атап айтқанда, Жамбыл облысында жергілікті филиалдың жетекшісі комиссия мүшелеріне арнап, 25 адамға мейрамханада ішімдік қосылған керемет кешкі ас ұйымдастырды.

Сондай-ақ Алматыда, Білім және ғылым министрлігінен UIB (Халықаралық бизнес университеті) жіберілген комиссия мүшелерінің бейәдеп іс-қимыл фактілері тіркелген, яғни олар ойын-сауық мекемесінде алкогольді ішімдіктер ішкен.

Осы факт бойынша қызметтік тексеру басталды. Жоғарыда көрсетілген әрекеттерге қатысты барлық лауазымды тұлғалар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны