28.12.2013, 19:57 3409

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Бекболат Орынбеков тағайындалды

Ол 1957 жылы туған, білімі жоғары, Алматы энергетикалық институтын "инженер-электрик" және Қаратау қаласындағы Агротехникалық институтты "экономист-бухгалтер" мамандықтары бойынша бітірген.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan today. Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Бекболат Серікбекұлы Орынбеков тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ол 1957 жылы туған, білімі жоғары, Алматы энергетикалық институтын "инженер-электрик" және Қаратау қаласындағы Агротехникалық институтты "экономист-бухгалтер" мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1979 жылы Талас ауданындағы №110 Қаратау кәсіптік техникалық училищесінің оқытушысы болып бастаған. 1980-1992 жылдары Талас ауданындағы №110 Қаратау кәсіптік техникалық училищесінің шебері, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директорының орынбасары, 1992-1993 жылдары "Қаратау" ассоциациясының бас директоры, 1994-1997 жылдары "Бірлік" шағын жекеменшік кәсіпорнының директоры, 1997-1998 жылдары "Жамбыл автодор" қазыналық кәсіпорнының жетекші маманы, 1999-2003 жылдары Талас ауданы Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2003-2010 жылдары Талас ауданы Қаратау қаласының әкімі, 2010 жылдың ақпаны мен қарашасы аралығында Сарысу ауданының әкімі, 2010 жылдың қараша айынан бастап Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны