23.06.2015, 13:09 3882

Жамбыл облысы әкімініӊ жаӊа орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысы әкімініӊ өкімімен Нұрәлиев Абдалы Тоқбергенұлы Жамбыл облысы әкімініӊ орынбасары болып тағайындалды

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Жамбыл облысы әкімініӊ өкімімен Нұрәлиев Абдалы Тоқбергенұлы Жамбыл облысы әкімініӊ орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А. Нұралиев 1959 жылы туылған, жоғары білімі бар, 1981 жылы Жамбыл технологиялық жеӊіл және тағам өнеркәсібі институтын "инженер-техник" мамандығы бойынша бітірген, техникалық ғылымдар кандидаты, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еӊбек жолын 1981 жылы Торғай облысы Жақсы элеваторында шебер болып бастаған. Одан әрі Челгашин элеваторыныӊ бас инженері, директоры болып қызмет атқарған. 1989 жылдан бастап Бурненский астық қабылдау кәсіпорнын, "Алтын дән" АҚ-ны басқарды.

2001-2003 жылдары Жуалы ауданы әкімініӊ орынбасары, ал 2003-2012 жылдары Жамбыл облысыныӊ Байзақ, Рысқұлов аудандарыныӊ әкімі лауазымында еӊбек етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны