01.04.2014, 19:57 3741

Жамбыл облысында 15 білім беру нысаны салынады

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жалпы биылғы жылы өңірде 27 білім беру ныснанының құрылысы жүргізіліп жатыр, соның 15-і биыл пайдалануға берілмек. Атап айтар болсақ олар 6 мектеп, 8 балабақша мен 1 колледж.

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan today. 2014 жылы Жамбыл облысында 15 білім беру нысанын салу жоспарланған.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жалпы биылғы жылы өңірде 27 білім беру ныснанының құрылысы жүргізіліп жатыр, соның 15-і биыл пайдалануға берілмек. Атап айтар болсақ олар 6 мектеп, 8 балабақша мен 1 колледж. Аталмыш жобалардың жалпы құны 9,5 млрд теңге. Жаңа мектептердің ашылуымен 5 апаттық жағдайдағы мектептердің мәселесі шешіледі.

2015 жылы облыста тағы 10 мектеп пен 2 балабақша ашылмақ. Олардың жобалық құны 6,3 млрд теңге. Осылардың нәтижесінде облыстағы барлық 10 апаттық мектептің мәселесі шешілмек.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттік комиссия Жамбыл облысындағы тағы 5 білім беру нысанының құрылысын қолдап отыр. Атап айтар болсақ олар 4 балабақша, 1 мектеп. Қазіргі таңда жобаның жалпы құны нақтылануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны