25.12.2006, 18:50 2894

Жамбыл облысында 2006 жылы полицейлерге қатысты 20 қылмыстық іс қозғалған, оның 10 сыбайлас жемқорлық қылмыстары

ТАРАЗ. 25 -желтоқсан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында 2006 жылы ішкі істер департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы полиция қызметкерлеріне қатысты 20 қылмыстық іс қозғалған, оның 10 сыбайлас жемқорлық қылмыстары, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Елдос Мырзақожаевтың сөзіне сүйенсек, 10 сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты қылмыстық істің бесеуі пара алу, екі дерек мемлекеттік қаржыны талан-таражыға салу, бір жалған құжатты пайдалану, полицейлердің контрабандалық жүкке ілесіп жүруі және алаяқтық деректері бойынша қозғалған.

Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері 2006 жылы 156 қызметтік тергеу жұмыстарын жүргізген. 155 қызметкер тәртіптік жауапқа тартылған, олардың 14 жетекші құрам қызметкерлері. Икімшілік жауапкершіллке 64 полицей тартылған. Жағымсыз қылықтары үшін 13 қызметкер, соның ішінде сегіз адам автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін жұмысынан босатылған.

Шағымдар көп түсуіне байланысты облыстық ІІД үш бөлімшесіне қызметтік тексерулер жиі жүргізілді, яғни Тараз қаласының № 2 полиция бөлімі (шағым бойынша 22 тексеру), Жамбыл ОІІО (11 тексеру), жол полициясының басқармасы (16 тексеру).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны