06.02.2007, 16:31 3180

Жамбыл облысында 35 кг гашиш сатпақ болған полицей құрықталды

ТАРАЗ. 6-ақпан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында 35 кг гашиш сатпақ болған полицей құрықталды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

"Кеше Шу қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлері Мерке аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторын жалпы салмағы 35 килограмм гашиш сатпақ болған жерінен құрықтады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тексеру барысында ұсталғаннан сатқан есірткісі үшін алынған 705 мың теңге табылып, тәркіленді.

30 жастағы полиция капитанының үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны