28.05.2010, 12:05 1793

Жамбыл облысында 3 килограмм шамасындағы героинмен Тәжікстан азаматы және 400 килограмм марихуанамен Қазақстан азаматы ұсталды

Жамбыл облысында 3 килограмм шамасындағы героинмен Тәжікстан азаматы және 400 килограмм марихуанамен Қазақстан азаматы ұсталды

Тараз. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында 2 килограмм 850 грамм героинмен Тәжікстан азаматы және 400 килограмм шикі күйіндегі марихуанамен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жамбыл облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз хатшысы Бақытжан Жолдасбековқа сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жедел іздестіру шараларының барысында Мерке ауданындағы Таты ауылы маңындағы "Жиек" учаскесінде Тараз қаласының 39 жастағы жұмыссыз азаматы қарақурай өсіріп жатқан жерінен қолға түсті.

"Ұсталған кезде одан шикі күйіндегі 400 килограмм марихуана алынды. Ұсталған қылмысын мойындады, қазір ол уақытқа тергеу абақтысында отыр", - деп хабарлайды ІІД.

Сондай-ақ, Мерке теміржол бекетінде Қазақстан шекарашылары 2 килограмм 850 грамм героинмен Тәжікстан азаматын ұстады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бішкек-Мәскеу бағытында қатынайтын №27 пойызға шекаралық бақылу жасаған кезде бір жолаушының жүгі күдік тудырған.

"Тәжікстан азаматы болып табылатын бір жолаушының сөмкесінен қос қабырға табылып, одан 2,850 килограмм героин шықты", - деп хабарлайды ІІД.

Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны