02.09.2009, 13:40 2686

Жамбыл облысында 5 тонна дизельдік отынның контрабандасына тосқауыл қойылды

Жамбыл облысында 5 тонна дизельдік отынның контрабандасына тосқауыл қойылды

Шымкент. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында "Оңтүстік" өңірлік басқармасының шекарашылары 1 қыркүйекте 5 тонна дизельдік отынның контрабандасына тосқауыл қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан азаматы шекаралық бекеттерді айналып өтіп, Қырғызстаннан ГАЗ-53 көлігімен 5 тонна дизельдік отынды елге заңсыз әкелмекші болған. "Көлікте мемлекеттік нөмірі болмаған. Шекарашылар автокөлік пен жүргізушіні ұстады, тексеру жүргізіліп жатыр", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны