16.09.2009, 13:21 5532

Жамбыл облысында Ақбақай тау-кен байыту комбинатының күзетшісі жергілікті тұрғындармен атысқаны үшін ұсталды

Жамбыл облысында Ақбақай тау-кен байыту комбинатының күзетшісі жергілікті тұрғындармен атысқаны үшін ұсталды

Тараз. 16 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Ақбақай тау-кен байыту комбинатының күзетшісі жергілікті тұрғындармен атысқаны үшін ұсталды. Бұл туралы агенттікке Жамбыл облыстық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Ахатхан Ибдезов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

А. Ибдезовтың айтуынша, 5 қыркүйекте Мойынқұм ауданының Ақбақай кентінде алтын өндіруші кәсіпорынның күзетшісі нысан аумағынан тыс жерде "Сайга-410К" қаруымен бір жергілікті тұрғынды жаралаған.

"Сол күні Ақбақай ауылының үш бозбаласы осы маңда сиырын іздеп жүріп, кәсіпорынның айналасында қоршау болмауға байланысты оның аумағына кездейсоқ кірген", - деді А. Ибдезов.

Тұрғындардың айтуынша, "оларда комбинат шахтасынан алтын ұрлау ниеті де, арнаулы жабдықтары да болмаған".

"Соған қарамастан, кәсіпорынның күзетшісі бозбалаларды қуып жетуге әрекет жасап, күзетілетін аумақтан тысқары жерде қару қолданған. Ол екі рет оқ атып, олардың біреуін жаралаған. Соның салдарынан бір адам оқ тиіп, екіншісі көптеген дене жарақаттарымен және миы шайқалып, жергілікті амбулаторияға жеткізілген", - деді А. Ибдезов.

Оның айтуынша, "ұсталған күзетші тергеушілер күзетілетін аумақтан қашып бара жатқан жігіттерді атуға мәжбүр болғанын жеткізген, өйткені ол әлгілерді комбинат аумағына заңсыз алтын қазу үшін келді деп ойлаған".

Ал басқарма бастығының айтуынша, "бұл оқиға жергілікті тұрғындардың наразылығын туғызған, 200-ден астам жергілікті тұрғын сол күні кешке комбинатқа келіп, күзет бастығын әңгімеге шақырған". "Кент тұрғындары аудан әкімі мен алтын өндіруші кәсіпорынның жетекшісінің атына ресми шағым жазып, Алматыдан келген күзетшілер мен олардың бастығы алдағы тәуліктердің ішінде Жамбыл облысының аумағынан кетсін деп талап еткен", - деді А. Ибдезов.

Қазір, оның айтуынша, ұсталған күзетші Тараз қаласының тергеу изоляторына қамалды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны