15.06.2009, 15:40 1217

Жамбыл облысында асқазанында героин алып өтпек болған Қырғызстан азаматы қайтыс болды

Жамбыл облысында асқазанында героин алып өтпек болған Қырғызстан азаматы қайтыс болды

Астана. 15 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында асқазанында героин алып өтпек болған Қырғызстан азаматы қайтыс болды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Жамбыл облысының Шу қаласында 3 маусымда "Бишкек-Новокузнецк" бағытында жүретін жолаушылар поезында азқазан ауруымен Қырғыстан азаматы ауруханаға жатқызылды, ол 10 маусымда қайтыс болды. Оның асқазанынан 45 контейнер героин (284 грамм) алынды",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, сондай-ақ, 8 маусымда Жамбыл облысының Қордай ауданы Красный партизан ауылының шетінде далада полиция қызметкерлері Қырғыстан азаматын ұстады, одан 1,25 килограмм героин тәркіленді.

ҚР ІІМ мәліметінше, өткен аптада елімізде 233 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 55 факт - есірткі сату.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны