16.04.2007, 17:26 2960

Жамбыл облысында бес қызды жыныстық қатынастар мақсатында ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды

АСТАНА. 16 - сәуір. Kazakhstan Today. Жамбыл облысының Шу қаласында бес қызды Алматыда жыныстық қатынастарға пайдалану мақсатында ұрлаған ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі құрықталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығының бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Тоғызыншы сәуірде Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесе отырып ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысын құрықтады. Оның басқаруымен Алматы қаласының Саин көшесіне тұрғызып, жыныстық қатынасқа пайдалану мақсатында Жамбыл облысының Шу қаласынан бес қыз ұрланған, олардың үшеуі кәмелеттік жасқа толмағандар",-деді Бағдат Қожахметов.

Оның айтуынша, ұсталған Алматы қаласының тұрғыны. "Ол аталмыш ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін айыпталып, 2006 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың наурызы аралығында іздеуде жүрген",- деп атап көрсетті ІІМ баспасөз қызметінің бастығы. Б. Қожахметовтың мәліметтеріне сүйенсек, сол күні "адам ұрлағаны үшін іздеуде жүрген" аталмыш қылмыстық топтың белсенді мүшесі, Алматы облысының Қарасай ауданының Көксай ауылының тұрғыны құрықталған.

Сонымен қатар, Б. Қожахметов 13-сәуірде Алматыда Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Арал қаласындағы қылмыс белсенділерінің ұйымын құрып, 2006 жылдың ақпанынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оны басқарғаны үшін, боспалаушылық, өте ірі көлемдегі есірткіге байланысты заңсыз операциялар жүргізгені үшін іздеуде жүрген және де ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған қылмыс әлемінің серкесін ұстаған. "Дәл осы күні үстіміздегі жылдың наурызынан бері іздеуде жүрген және Қызылорда облысының ішкі істер департаментінің жедел есебінде тұрған, аталмыш қылмыстық топтың белсенді мүшесі құрықталған",- деп қосты ол.

Бағдат Қожахметов бұл қылмыстық топтың басқа мүшелері өткен жылы құрықталғандығын, және де жасаған қылмыстары үшін сотталып, әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айрылғандығын еске сала кетті. "Бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісіне қатысты іс ІІД басшылығы мен президент әкімшілігінің бақылауында болған",- деп атап көрсетті ІІМ баспасөз қызметінің бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны