18.05.2007, 14:07 2798

Жамбыл облысында бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен пара алған қаржы полицейі құрықталды

АСТАНА. 18-мамыр. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен пара алған қаржы полицейі құрықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің аға тергеушісі қылмыстық жауапкершілік шарасын жеңілдету үшін бір аудандық ІІБ-ның қызметкерінен "Ниссан-Премьера" автокөлігін параға алған.

ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаментінің тергеу бөлімі қаржы полициясы қызметкерінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағы (пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны