08.06.2007, 18:52 2805

Жамбыл облысында бірнеше сағат ішіне тоннаға жуық марихуананы шапқан еркек ұсталды

АЛМАТЫ. 8 - маусым. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында бірнеше сағат ішіне тоннаға жуық марихуананы шапқан еркек ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облысының көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Наркощит" жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жүргізілген шаралар барысында Шу-Құмөзек" бекетінің өткелінде Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны құрықталған. Полицейлердің айтуынша, еркек Шу жазығына есірткі үшін арнайы келгендігі белгілі болды.

"Ол бірнеше сағат ішінде 887 кг марихуананы шауып, кептіріп үлгерген",- деп атап көрсетті баспасөз қызметіндегілер. Олар сондай-ақ, "ұсталғанды тінту кезінде 0,2 гр канабис майы табылғандығын" айтып өтті. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны