20.01.2009, 14:25 3610

Жамбыл облысында еліміздің үш азаматы дін таратушылық қызметпен заңсыз айналысқан деп айыпталды

Жамбыл облысында еліміздің үш азаматы дін таратушылық қызметпен заңсыз айналысқан деп айыпталды

Тараз. 20 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында Алматы облысының үш азаматы дін таратушылық қызметпен заңсыз айналысқан деп айыпталды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Роза Қалдыбекова мәлім етті.

Р.Қалдыбекованың айтуынша, 19 қаңтарда Жамбыл облыстық ІІД қызметкерлері арнаулы шаралардың барысында Талас ауданының Ақкөл ауылында 30 бен 38 жас аралығындағы үш ер адамды ұстады. Алматы облысынан келген бұл азаматтар елімізде іс-қызметіне тыйым салынған "Таблиги джамаат" діни қоғамының діни тәжірибесі мен діни ілімін насихаттап жүрген.

Дін таратушылық қызметпен заңсыз айналысу жөніндегі іс материалдары аудандық сотқа беріліп, оның шешімімен дін таратушыларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны