28.07.2008, 15:16 2801

Жамбыл облысында қамаудағылар өз-өздеріне қол жұмсады

Жамбыл облысында қамаудағылар өз-өздеріне қол жұмсады

Тараз. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында қамаудағы үш тұтқын өз-өздеріне қол жұмсады, деп хабарлайды агенттік тілшісі құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, 27 шілдеде түнгі сағат бірде Тараз қалалық ауруханасының жан сақтау бөліміне ұрлығы үшін соттталған 37 жастағы тұтқын жатқызылған.

"Одан 4 сағаттан кейін тағы да осы бөлімшеге ішінен жарақаттанған 27 жастағы сотталған жеткізілді. Ол есірткіге қатысты қылмыстары үшін 9 жылға сотталған және ол 4-ші сатыдағы ВИЧ індетімен ауырады", -деді ол.

Оның айтуынша, "үшіншісі - тағы да ВИЧ індетін жұқтырған 30 жастағы сотталған. Ол өзін-өзі ұстарамен ішінен жарақаттап, дәрігердің көмегін алудан ұзақ уақыт бойы бас тартқан". Олардың үшеуі де Бас прокуратура өкілдерімен кездестіруді талап етіп, сотталғандардың жағдайының осалдығын, тамақ сапасының төмендігін алға тартқан.

Бұл деректер бойынша прокуратура мен колония қызметкерлері тергеу жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны