17.02.2017, 23:26 6226

Жамбыл облысында қар көшкінінен жеті адамныӊ қаза табуына байланысты қорғаныс министрініӊ басшылығымен арнайы комиссия құрылды

Оқу-жаттығуды орындауға барлығы 23 адам қатысқан. Қазіргі кезде Жамбыл облысыныӊ Көксай шатқалында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметшілер қаза тапты.

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында қар көшкінінен жеті адамныӊ қаза табуына байланысты қорғаныс министрініӊ басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Жамбыл облысыныӊ Көксай шатқалында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары бойынша ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ресми түсініктемесінде айтылған,- деп хабарлайды Kazakhstan Today. Түсініктемеде былай делінген:

"Бүгін, 17 ақпан күні, Жамбыл облысында Көксай шатқалында 91678 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілерініӊ жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы әскери дайындық барысында ойламаған жерден қар көшкіні жүрді. Оқу-жаттығуды орындауға барлығы 23 адам қатысқан. Қазіргі кезде Жамбыл облысыныӊ Көксай шатқалында жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, 7 әскери қызметшілер қаза тапты. Іздестіру шараларына Қарулы Күштердіӊ әскери қызметшілері, Жамбыл облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаментініӊ оперативті тобы және арнайы техникаларымен бірге Шекара қызметініӊ әскери қызметшілері жұмылдырылған. ҚР Қорғаныс Министрлігініӊ басшылығы қаза болған азаматтардыӊ отбасына және туған-туысқандарына қайғырып көӊіл айтады. Еліміздіӊ Премьер-министрініӊ үкімімен қорғаныс министрініӊ басшылығымен арнайы комиссия құрылды".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны