09.06.2009, 12:00 1215

Жамбыл облысында Қырғызстан азаматтарының заңсыз дін таратушылық қызметінің жолы кесілді

Жамбыл облысында Қырғызстан азаматтарының заңсыз дін таратушылық қызметінің жолы кесілді

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында Қырғызстан азаматтарының заңсыз дін таратушылық қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Бас прокуратурасының хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Талас аудандық прокуратурасы тексеру барысында Қырғызстан Республикасынан келген Р.Мидинов, Э.Турдумамбетов, Э.Туранбаев, Р.Дүйшебаевтың ҚР "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы" заңының 4-1 бабының талаптарын бұзып есептік тіркеуден өтпей, Талас ауданының Қасқабұлақ ауылында, миссионерлік қызөметпен айналысқанын анықтаған.

"Прокуратураның ұсынған материалдары негізінде, Талас аудандық соты 2009 жылдың 27 мамырында аталған тұлғалар ҚР ИҚжК-тің 375-бабы 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, Қазақстан аумағынан шығарылып жіберілді",- делінген хабарламада.

Мұндай жайттар бұған дейін де кездескен. Ағымдағы жылдың қаңтарында Алматы облысынан келген О.Жайлауов, Б.Қалыбеков, А.Ануарбеков, М.Қайса, А.Болебаев дегендер де заңсыз дінтаратушылық уағызы үшін әкімшілік жауапқа тартылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны