30.06.2010, 17:53 7037

Жамбыл облысында Қырғызстан тұрғыны ұсталып, қару-жарақ салынған сөмке тәркіленді

Жамбыл облысында Қырғызстан тұрғыны ұсталып, қару-жарақ салынған сөмке тәркіленді

Алматы. 30-маусым. Kazakhstan Today Жамбыл облысының ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Қырғызстан Республикасының тұрғынын ұстап, одан қару салған сөмке тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Жамбыл облысының ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жүк сөмкесін көтерген Қырғызстан Республикасының тұрғыны ұстаған. Оның сөмкесінен Калашников автоматы, Макаров тапаншасы, басына дыбыс басқыш орнатылған ПСН тапаншасы, әртүрлі мылтықтың 55 оғы табылған. Жедел шара аймақтың ІІД бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетовтың бақылауымен жүргізілген",- деп хабарлады ІІД ҰҚКБ бастығы Бақтияр Мамедов.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "қаруыланған контрабандистті ұстауға қатысты арнайы іс-шара екі аптадан бері жүргізілген".

"Қырғызстанның Шу облысының тұрғыны Меркен ауданының Гранитогорск аулының маңындағы бөгет арқылы мемлекетік шекарадан өту кезінде ұсталған. Оның айтуынша, оған қару салынған сөмкені белгісіз екі адам 5 мың сом (15000 теңге) беріп, шекарадан алып өтуді тапсырған. Қазір 63 жасар күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Жамбыл облысының ІІД мәліметтеріне сүйенсек, ҰҚКБ қызметкерлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 5 бірлік әскери қару, РГД-5 гранатасын, 100-ден астам оқ тәркілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны