08.02.2010, 14:34 3116

Жамбыл облысында оралмандарға арналған квотадан 1 млн 433 мың теңге бюджет қаражатын заңсыз алу оқиғасы анықталды

Жамбыл облысында оралмандарға арналған квотадан 1 млн 433 мың теңге бюджет қаражатын заңсыз алу оқиғасы анықталды

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында оралмандарға арналған квотадан 1 млн 433 мың теңге бюджет қаражатын заңсыз алу оқиғасы анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Жамбыл облыстық прокуратурасы тексеріс барысында, Қазақстан Республикасының азаматтары жалған құжаттарды жасап пайдаланып, оралмандарға арналған квотадан 1 млн 433 мың теңге бюджет қаражатын заңсыз алғандығын анықтады".

"Алаяқтық дерек бойынша облыстық прокуратура Қылмыстық кодекстің 177- бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады, тергеу амалдары жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны