02.03.2007, 16:30 3241

Жамбыл облысында шекарашылар 30 кг марихуана тығылған жасырын орынды тапты

АСТАНА. 2-наурыз. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында қазақстандық шекарашылар 30 кг марихуана жасырылған құпия қойманы тауып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен хабарлады.

"Аспара" күзетінің іздеу тобының шекарашылар жасағы өсімдік текті есірткілік зат - марихуана жасырылған қойма тауып алған",-деп хабарлайды баспасөз қызметі. Есірткінің жалпы салмағы 30 кг астам.

Шекарашылардың болжамына сүйенсек, есірткі мемлекеттік шекарадан өткізу үшін жасырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны