11.04.2012, 11:42 3432

Жамбыл облысында жеке кәсіпкердің 17 жастағы баласын ұрлап, ақша бопсалағандар ұсталды

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Астана. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында жеке кәсіпкердің 17 жастағы баласын ұрлап, ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

"Жамбылдың полиция қызметкерлері ірі көлемде ақшаны бопсалау мақсатында 17 жастағы жергілікті тұрғынды ұрлау қылмысын ашты. Наурыз айының соңында полицияға 51 жастағы жеке кәсіпкер үш күн бұрын бірнеше белгісіз адам, Мерке ауылының көшесінен оның ұлын "БМВ" автомашинасына күштеп отырғызып, Тараз қаласына қарай алып кеткені туралы арызбен өтінді. Ұлын белгісіз пәтерде ұстап, аяғына атыс қарудан жарақат келтіріп, ұрып-соғамыз деп әкесінен 50 мың АҚШ долларын бопсалаған",-деді ресми өкіл.

Бопсалаушылар кәсіпкерді полицияға хабарлассаң, ұлыңды өлтіреміз деп қорқытқан. Ұлымен телефон арқылы сөйлескен кезде, оның жарақат алғаны туралы белгілі болды. 1 сәуірде арнайы іс-шаралар кешенін өткізу кезінде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы бөлімшемен бірлесіп, Жамбыл облысының Мерке ауылында сомасы 5 мың АҚШ долларын беру үстінде 20 жастан 44 жасқа дейінгі аралықтағы үш жергілікті тұрғынды құрықтады.

"Жәбірленуші босатылды. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды және олардың ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде",-деді Н. Ораз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны