01.06.2007, 14:56 2916

Жамбыл облысындағы әскери бөлімшенің командирі 25 тонна дизельдік отынды ұрлады деген күдік тууда

АСТАНА. 1- маусым. Kazakhstan Today. Жамбыл облысындағы әскери бөлімшенің командирі, келісім-шарт қызметінің сержанты және жанармай қоймасының бастығы 25 тонна дизельдік отын ұрлады деп айыпталуда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Ресупбликасының Ішкі істер министрілігінің ақпарат және бұқарамен байланыс орталығынан хабарлады.

Орталықтың ақпараттарына сүйенсек, Қордай ауданының Гвардейск ауылындағы Гвардейск әскери-тергеу басқармасының қызметкерлері жалпы құны 822 мың теңге тұратын дизельдік отынның ұрлану дерегін анықтаған. Тергеу барысында белгілі болғандай, әскери бөлімшелердің бірінің командирі, келісім-шарт қызметінің сержанты және жанармай қоймасының бастығы пайдакүнемдік мақсатта 2002-жылдың қарашасынан 2003 жылдың ақпаны аралығында 25 тонна дизельдік отынды ұрлаған. Полицейлердің ақпараттарына сәйкес, аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны