08.07.2018, 23:26 5077

Жамбыл облысыныӊ ІІД-ніӊ жаӊа бастығы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ бұйрығымен облыстық ІІД бастығыныӊ лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды.

Тараз. 8 шілде. Kazakhstan Today - Жамбыл облысыныӊ ІІД-ніӊ жаӊа бастығы тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ орынбасары полиция генерал-майоры Берік Бисенқұлов жеке құрамға Жамбыл облысыныӊ ІІД-ніӊ жаӊа бастығын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрініӊ бұйрығымен облыстық ІІД бастығыныӊ лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды.

А. Оразалиев ІІМ Алматы жоғары мектебін тәмамдады. Бұрын ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығыныӊ орынбасары болып қызмет атқарды.

Берік Бисенқұлов жаӊа тағайындалған облыстық полиция басшысына жемісті еӊбек тіледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны