09.07.2007, 16:49 2894

Жамбыл облысының Меркі ауданында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған бес шетел азаматы ұсталды

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Жамбыл облысының Меркі аудандық прокуратурасы жүргізген тексеру барысында Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған бес шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР Бас прокутарурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Меркі ауылына келіп жергілікті тұрғынның үйін салып жүрген бір Қырғызстан азаматы мен төрт Өзбекстан азаматы ұсталды.
Олардың көші-қон қағазында Қазақстан Республикасына "қонаққа" келді деп көрсетілген. Алайда, олар жұмыс істеп, пайда тапқан. Олардың үстінен ҚР Икімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 394-бабы 2-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды.

"Меркі аудандық сотының қаулыларымен шетел азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысын бір күннен қамауға алу және ҚР аумағынан қудалай шаралары қолданылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны