30.04.2008, 10:09 3202

Жамбыл облысының прокуратурасы білім беру заңының бұзылу оқиғаларын анықтады

Жамбыл облысының прокуратурасы білім беру заңының бұзылу оқиғаларын анықтады

Тараз. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының прокуратурасы кепілдендірілген орта білім беру туралы заңның бұзылу оқиғаларын анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс прокурорының аға көмекшісі А. Молдабеков хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекет кепілдік берген жалпы орта білім беруге қажетті жағдайлар жасау бойынша кәмелеттік жасқа толмағандардың құқын қорғау бойынша облыстық прокуратура жүргізген тексеру барысында осы норма талаптарының өрескел бұзылу және балалардың орта білім алуға деген конституциялық құқын аяққа таптау оқиғалары анықталды.

"Мәселен, Рысқұлов ауданындағы Болтай батыр атындағы мектепке тексеру жүргізу барысында әртүрлі сырқаттарына байланысты алты оқушының үйлерінде оқитындықтары анықталған. Алайда балалар мемлекет кепілдік берген орта білімді алмаған", - деп атап көрсетті прокурордың көмекшісі.

"Мысалы, 7 сынып оқушысына математика пәнінің мұғалімі соңғы рет былтыр 10 желтоқсанда, география - 25 қарашада, тарих пәнінің ұстазы - 19 қарашада келіп кеткен", - деп атап көрсетті А. Молдабеков.

Аудандық прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, кінәлі директорлар мен ұстаздар қауымы тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны