31.03.2009, 14:04 3281

Жамбыл облысының Шу аңғарында жыл сайынғы "Көкнәр" операциясы жүргізілетін кезде айрықша режим енгізіледі - ҚР ІІМ

Жамбыл облысының Шу аңғарында жыл сайынғы "Көкнәр" операциясы жүргізілетін кезде айрықша режим енгізіледі - ҚР ІІМ

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Шу аңғарында мамыр мен қазан айлары аралығында жыл сайынғы "Көкнәр" операциясы жүргізілетін кезде айрықша режим енгізіледі. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Келешекте біз осы өңірде мамыр мен қазан айлары аралығында жыл сайынғы "Көкнәр" операциясы жүргізілетін кезде айрықша режим енгізу орынды деп санаймыз", - деді Б. Мұхамеджанов.

Оның айтуынша, есірткіге қатысты проблемалардың ішінен ауған героинінің трафигінен кейінгі екінші орында республика үшін "Шу аңғарында марихуана мен гашиш өндірудің өз шикізат базасының болуы" тұр.

"Өткен жылы елімізде тәркіленген 23 тонна есірткінің үштен бір бөлігі осы өңірден шыққан", - деді ол.

Министрдің пікірінше, "Жамбыл облысында салынады деп жоспарланған қарақурай өңдеу кәсіпорны ахуалды сауықтыруға септігін тигізе алар еді, алайда, бұл мәселенің шешімі жуырда табылмайтын түрі бар. Сол себепті біз жыл сайынғы "Көкнәр" операциясының аясында осы өңірдегі жұмыстарды күшейтеміз", - деді мекеме басшысы.

"Көкнәр" операциясы жүргізілетін кезеңде өңірге еліміздің басқа облыстарынан полиция мен ішкі әскерлердің қосымша күштерін, ҚР Қорғаныс министрлігі мен ТЖМ-нің арнаулы техникасы мен тікұшақтарын тарту көзделуде, деді министр.

"Біз өңірге кіретін негізгі алты орында есірткіге қарсы бекеттер құрып, аяқжолдарды қамту үшін ұтқыр топтарды жасақтап, автокөліктер мен адамдарды жаппай тоқтатып тексеріп, темір жолдағы жолаушылар ағынына қойылатын бақылауды күшейтеміз", - деді Б. Мұхамеджанов.

Министрдің бағалауынша, "бұл арыз-шағымдарды ұлғайта түсетіні сөзсіз. Бірақ біз оған төзуіміз қажет. Бұл - карантин емес, есірткінің жолына тосқауыл қоюға бағытталған мәжбүрлі шара екенін парықтау қажет", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны