18.06.2018, 16:00 6255

Жамбыл облысыныӊ Жуалы ауданында "Қар-Алма" аталатын тау шаӊғы базасы бой көтереді

Тағы бір айта кетерлігі "Қар-Алма" кешені өз келушілеріне жылдыӊ кез-келген мезгілінде қызмет көрсете алады. Жаздыӊ жайма шуақ күндерінде жамбылдықтар мен қонқатар атқа мініп серуендеп, бал татыған қымыздыӊ дәмін тата алады.

Тараз. 19 маусым. Kazakhstan Today - Жамбылдықтар үшін жағымды жаӊалық облыстық әкімдікте өӊір басшысыныӊ төрағалық етуімен өткен жиында айтылды. Енді әулиеаталықтарға қысқы демалыстарын қамсыз өткізу өзге қалаларға аттанудыӊ қажеті жоқ. "Қар-Алма" аталатын тау шаӊғы базасы Жуалы ауданында бой көтереді. Кешен құрылысына атсалысуға ниетті кәсіпкерлер күні ертеӊ білек сыбына іске кірісуге әзір. Облыста ішкі туризмді дамытуды назарға алған жергілікті билік кәсіпкерлердіӊ көмегімен мегажобаны жүзеге асыра бастады.

Сәйкесінше, мұнда келушілерге сапалы қызмет көрсетуге қабілетті нысандар да бой көтереді.Мәселен, Жуалыдағы тау бөктеріне жанға жайлы демалыс үйлері салынады. Ирі олардыӊ сәулеттік келбеті біркелкі болады. Өз кезегінде, әріптестік таныту туралы облыс әкімініӊ ұсынысын қуана құптаған кәсіпкерлер осынау кешенніӊ салынуын көптен күткендіктерін атап өтті.

Тағы бір айта кетерлігі "Қар-Алма" кешені өз келушілеріне жылдыӊ кез-келген мезгілінде қызмет көрсете алады. Жаздыӊ жайма шуақ күндерінде жамбылдықтар мен қонқатар атқа мініп серуендеп, бал татыған қымыздыӊ дәмін тата алады.

Қазірдіӊ өзінде, кәсіпкерлер он шақты коттедж салуға ниет білдіріп отыр. Жобасы тиісті орындармен мақұлданған кешен құрылысыныӊ алғашқы қазығы осы сенбіде қағылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны