13.07.2007, 16:23 2871

Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны үшін сотталды

АСТАНА. 13-шілде. Kazakhstan Today. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Қуат Құралбаев лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтейтін болды. Бұл туралы Бас прокуратураның хабарламасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тараз қалалық №2 сотының 3-шілдедегі үкімі бойынша Жамбыл облыстық әкімшілігінің денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Қуат Құралбаев ҚР қылмыстық кодексінің 307 және 308 баптары бойынша 4 жылға бас бостандығынан айрылып, 5 жыл мерзімге мемлекеттік мекемелерде басшылық қызмет атқару құқығынан айрылды, ол жазаны жалпы тәртіптегі түрмеде өтейтін болады", - делінген хабарламада.

Сот Қ. Құралбаевты Жамбыл облыстық әкімшілігінің денсаулық сақтау департаментінің директоры болып тұрған кезде, 2005-жылы пайдакүнемдікпен "Қарабура-2030" ЖШС үшін ашық байқау өткізуге арнап азық-түлік өнімдерін сатып алу жөніндегі жиынтық жіктемеде азық-түлік өнімдерінің бағасын асырып көрсеткен айыпкер деп таныды. "Мемлекетке 1 284 791 теңгенің шығыны келген", - деп хабарлайды прокуратурадағылар.

"Жалпы лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану және билігін бас пайдасына жарату салдарынан Қ. Құралбаев мемлекеттік бюджетке 70 458 764 теңгенің шығынын келтірген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны