05.04.2010, 15:32 3502

Жамбыл облыстық ІІД-нің төрағасы қызметтен босатылды

Жамбыл облыстық ІІД-нің төрағасы қызметтен босатылды

Тараз. 5 сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облыстық ІІД-нің төрағасы, полиция генерал-майоры Мейірхан Жаманбаев қызметтен босатылып, резервке алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Роза Қалдыбековаға сілтеме жасап.

Р. Қалдыбекованың ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облыстық ІІД-нің төрағасы лауазымына полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов тағайындалды.

Бұған дейін Б. Аймағамбетов ҚР ІІМ Криминалдық полициясы комитетінің төрағасының орынбасары болған.

Б. Аймағамбетов Қарағанды мемлекеттік университеті мен "Болашақ" өзекті білім институтын бітірген. Ішкі істер бөлімінде 1987 жылдан бері істеп келеді, ҚР ІІМ мен басқа да күш құрылымдарында жауапты, жоғарғы лауазымдарды иемденген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны