01.04.2009, 17:07 3229

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорынан 300 млн. теңге ұрлады деп айыпталуда

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорынан 300 млн. теңге ұрлады деп айыпталуда

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облыстық мәслихаты депутаты "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорынан 300 млн. теңге ұрлады деп айыпталуда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұдан бұрын Жамбыл облыстық мәслихат депутатының пара бергендігі үшін қамауға алынғандығы туралы хабарлаған болатынбыз, осы қылмыстық істі тергеу барысында оның "Самұрық-Қазына" тұрақты даму қорының құрылымдық бөлімшесі болып табылатын "Даму" шағын кәсіпкерлікті қолдау қорынан 300 млн. теңге кредит алу мақсатында 4 жалған кәсіпорын құрғаны анықталды",- деді ресми өкіл.

Қаржы полициясының мәліметінше, Қарағанды қаласында бір азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол жалған кәсіпорынды тіркеп, мемлекеттік бюджет есебінен ауыл шаруашылық техникасын сатып алу үшін бөлінген 100 млн. теңгені несиеге алған. Алайда несиелік қаражатты жеке басына пайдаланып, мемлекетке ірі залал келтірген.

"Идетте, жалған кәсіпорындарды құрудың мақсаты - заңсыз және мақсатты несие алу болыпта табылады",- деді қаржы полициясының өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны