19.05.2010, 18:27 3187

Жамбыл облыстық тәртіп сақшылары қазақ-қырғыз шекарасы маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған дорба тапты

Жамбыл облыстық тәртіп сақшылары қазақ-қырғыз шекарасы маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған дорба тапты

Тараз. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Жамбыл облыстық тәртіп сақшылары қазақ-қырғыз шекарасы маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған дорба тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 мамырда жүргізілген жедел іздестіру шаралары кезінде Қырғызстанмен арадағы мемлекеттік шекарадан 430 метр жерден, Шөміш бөлігі маңындағы қараусыз қалған қорадан Қордай ауданаралық тобының адамдары үйілген тастардың астынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған дорба тауып алды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Дорбадан 1989 жылы жасалған калибрі 5,45 миллиметрлік, №9397 санды қақпағы бар, дүмі қысқартылған Калашников автоматы, калибрі 5,45 миллиметрлік автоматтың 10 оғы бар оқпаны, тұтандырғышы кері қайырылып оралған РГД-5 гранатасы, нөмірі өшірілген Макаров тапаншасы, 6 дана Макаров тапаншасының оғы, калибрі 5,45 миллиметрлік 18 оқ, калибрі 7,62 миллиметрлік 20 оқ, калибрі 9 миллиметрлік 26 дана ПМ оғы табылды", - деп хабарлайды ІІД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір осы табылған қару-жарақ пен оқ-дәрінің иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны