16.04.2009, 18:38 3165

Жамбыл облыстық жолаушылар транспорты департаментінің бөлім бастығы жасанды ақша сатты деген күдікпен қолға түсті

Жамбыл облыстық жолаушылар транспорты департаментінің бөлім бастығы жасанды ақша сатты деген күдікпен қолға түсті

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің қызметкерлері Жамбыл облыстық жолаушылар транспорты департаментінің бөлім бастығын жасанды ақша сатты деген күдікпен қолға түсірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қаржы полициясы ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Жамбыл облыстық әкімдігінің жолаушылар транпорты және автокөлік жолдары департаментінің бөлім бастығының қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойды. Ол өзінің туған інісімен бірлесіп номиналы 5 мың теңгелік жасанды ақшаларды сатумен айналысқан", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, күдіктілердің тұрғылықты жерлері мен автокөліктеріндегі тінтулер және бақылау мақсатындағы сатып алулар кезінде номиналы 5 мың теңгелік купюралардан тұратын жасанды 430 мың теңге мен сұрғылт түсті ұнтақ зат (героин болуы мүмкін) табылды.

"Қазір күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау абақтысына тоғытылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны