30.03.2011, 12:51 3574

Жамбылдық полицейлер жергілікті үш тұрғын ақша талап етіп, кепілдікке алған адамды босатты

Жамбылдық полицейлер жергілікті үш тұрғын ақша талап етіп, кепілдікке алған адамды босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 30 - наурыз. Kazakhstan Today - Жамбылдық полицейлер жергілікті үш тұрғын ақша талап етіп, кепілдікке алған адамды босатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша талап ету мақсатында жергілікті үш тұрғын кепілдікте ұстап отырған азаматты босатқан. Бұл туралы агенттік тілшісіне Жамбыл облыстық ІІД ҰҚҚКБ бастығы Нұржан Қалметов хабарлаған.

Оның айтуынша, үш бопсалаушы ұрланған азаматтың жұбайынан 200 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Кепілдегі адам екі тәулік бойына Құмшағал тұрғын алабындағы үйлердің бірінде болған. Және қылмыскерлер де осы жерде құрықталған.

"Қазір бопсалаушының үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады ҰҚҚКБ бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны