22.05.2012, 10:41 2749

Жамбылдық жол полицейлері Қордайда қырғызстандық "Мерседесті" ұрлаған қызылордалық қаржы полициясы инспекторын қолға түсірді

Жамбыл облысы ІІД ЖПБ хабарлауынша, "16 мамыр сағат 07.10-да Қордай ауданы ІІБ-нің жедел кезекшісінен Қордай ауылында ұрланған, Қырғызстан Республикасының нөмірі бар қара түсті "Мерседес-Бенц 600" маркалы көлік туралы хабар келіп түсті. Осыдан кейін сағат 07.30-да "Рубеж-Отар" қосынында Жамбыл облысы ІІД Жол полиция жеке батальонының қызметкерлерімен Қордай ауылынан Алматы қаласына бағыт алған бұл көлік тоқтатылды".

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Жамбылдық жол полицейлері Қордайда қырғызстандық "Мерседесті" ұрлаған қызылордалық қаржы полициясы инспекторын қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облысы ІІД ЖПБ хабарлауынша, "16 мамыр сағат 07.10-да Қордай ауданы ІІБ-нің жедел кезекшісінен Қордай ауылында ұрланған, Қырғызстан Республикасының нөмірі бар қара түсті "Мерседес-Бенц 600" маркалы көлік туралы хабар келіп түсті. Осыдан кейін сағат 07.30-да "Рубеж-Отар" қосынында Жамбыл облысы ІІД Жол полиция жеке батальонының қызметкерлерімен Қордай ауылынан Алматы қаласына бағыт алған бұл көлік тоқтатылды".

Полиция қызметкерлерінің аталмыш көлікке қатысты құжаттарды көрсету талабына рөлде отырған Ербол Қаражанов есімді азамат қаржы полициясының қызметтік куәлігін көрсеткен. Көлікке қатысты тиісті құжат болмады.

Е. Қаражанов Қызылорда облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің (қаржы полициясы) инспекторы, қаржы полициясының лейтенанты екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта жағдайды анықтау мақсатында көлік пен жүргізуші Қордау ауданының ІІБ-мен жеткізілді, деп хабарлады ведомство.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны