Шаруашылықпен айналысып жатырмын. Сумен мәселе жоқ. Егінімізді суарып жатырмыз. Пияз ектім, жақсы өсіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі тиімді, суды, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Енді гектарына 70-80 тонна өнім жинаймыз деп есептеп отырмыз", - деді егінші Ақылбек Бәйтіков.
13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол келіп жатыр. Тек келісімшартқа отырып, ақшасын төлеу қажет. Қазақта "судың да сұрауы бар" деген сөз бар. Біздің жер ылғалды жақсы ұстайды. Бір мәрте суарсақ, сол бізге жеткілікті. Оның өзінен жақсы өнім аламыз. Жоңышқаны да бір рет суарғаннан кейін, екі рет орып аламыз. Гектарына 150-170 орам шөп аламыз. Бұл өзіміз бағатын малға жетеді", - деді Қызылшарық ауылының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі Әбдібек Шымырбаев.
Қазір барлық күш Жамбыл облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Ол үшін Киров су қоймасынан су жіберу көлемін ұлғайту бойынша қырғыз әріптестерімізбен келіссөз жүргізілді", - деді Жамбыл облысының "Қазсушар" филиалының директоры Қайрат Аманов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

