15.05.2014, 23:17 17742

Жаңа бағдарлама жемқорлықтың пайда болуын азайтады - М. Қоғамов

2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы бағдарлама елдегі жемқорлық санын азайтады. Бұл туралы ҚазГЗУ қылмыстық-процессуалдық зерттеу мен жемқорлыққа қарсы ҒЗИ директоры Марат Қоғамов мәлімдеді.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы бағдарлама елдегі жемқорлық санын азайтады. Бұл туралы ҚазГЗУ қылмыстық-процессуалдық зерттеу мен жемқорлыққа қарсы ҒЗИ директоры Марат Қоғамов мәлімдеді.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткен болатын.

Партияның баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа бағдарламаның басты қағидасы жемқорлықтың пайда болу себебін анықтау болып табылады. Ұлыбритания, Гонконг, Малайзия, Сингапур, Франция елдерінің жемқорлыққа қарсы саясатының сараптамасы көрсеткендей, бағдарлама тиімді әдістерге сүйенуі керек.

"Құжат біздің елде орын алып жатқан парақорлық, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлықты азайтуға бағытталған. Басты назарда мемлекет пен жеке адам тұрғасына, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениеті ұсталынады", - деді М. Қоғамов.

2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы бағдарлама ғаламтор қолданушылары мен сарапшылардың ұсыныс-пікірлеріне ие болу үшін партияның ресми порталына орналастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны