14.06.2013, 09:33 3824

Жаңа бюджеттік саясаттың мақсаты бюджет қаражатын тиімді пайдалану болып табылады

Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануға баса назар аударылады, деп хабарлады Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Б.Жәмішев.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Жаңа бюджеттік саясаттың мақсаты бюджет қаражатын тиімді пайдалану болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңа бюджеттік саясат тұжырымдамасында бюджет қаражаттарын тиімді пайдалануға баса назар аударылады, деп хабарлады Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Б.Жәмішев.

"Жаңа бюджет саясатының шеңберінде бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне баса назар аударылады. Тиісінше мемлекеттік органдардың бюджетті атқару туралы есептілігіне көзқарас өзгертілетін болады", - деді Б.Жәмішев республикалық бюджетті орындау практикасын жетілдіру бойынша Үкіметтің шаралары жайлы айтқан сөзінде.

"Жаңа бюджет саясаты бюджет шығындарын басқарудан нәтижелерді басқаруға көшуді ұйғарады", - деп атап өтті министр.

Қаржы министрлігі басшысының айтуынша, бюджеттің орындалуна байланысты көптеген мәселелер Үкімет жасаған тұжырымдарда шешімін тапты.

Оның ішінде Б.Жәмішев жаңа бюджеттік саясат Тұжырымдамасын, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіруді, мемлекеттік аудитті енгізуді, сонымен қатар 2030 жылға дейінгі Илеуметтік даму тұжырымдамасын атады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны