12.01.2007, 17:58 3075

Жаңа қорғаныс министрі мекемеде істейтін мамандарды түбегейлі ауыстырмайды

АСТАНА. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның жаңа қорғаныс министрі өз мекемесінде істейтін мамандарды түбегейлі ауыстырмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен министрлік басшылығымен алдын-ала әңгімемде бәрі өз жұмыстарын жалғастыра беретінін айтқам. Мен мамандар құрамы түбегейлі ауысады дегенді негізсіз пікір деп санаймын",- деді бүгінгі үкімет отырысының аяқталуы бойынша журналисттерге берген сұхбатында қорғаныс министрі Даниал Ахметов.

"Өзім үкімет басшысы болып тұрған кезде де Мұхтар Капашұлына ешбір тағар кінәм болмаған және мен қарулы күштер саласының осындай ардагерінің еліміздің армия штабының төрағасы болуына ризамын",- деді министр.

Журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып, Д. Ахметов запастағы полковник екенінен хабардар етті. Ол "қорғаныс министрінің атқаратын шаруасы шаш-етектен" деп санайды. "Қазақстан Қарулы күштерінің құрылымында тікелей әскердің жауынгерлік және технологиялық дайындығымен айналысатын штаб бастықтарының бірлескен комитеті болуға тиіс, ал министр әскери доктринаны әзірлеумен, іс-қызметтің стратегиялық бағыттарымен айналысады және де Қорғаныс министрлігінің тиімді іс-қызметін заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етеді, сондай-ақ жасақты тиісті деңгейде модернизациялауды іске асырады деген жалпы әлемдік беталыс бар", - деді Д. Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны